Абзалы, жөн, лазым

lat: Abzaly, jón, lazym

Ең дұрысы, көкейге қонымдысы.

Көкемде, абзалы, атамның бойындағы ең бағалы да керек қасиеттердің көбi жоқ-ау деген күмәнім бар (М. Айымбетов).

Ағайындас адамдар болған соң, бір-бірiмізге кepeкті жәрдемімізді бергеніміз жөн (З. Қалауова).

Адам болып туған соң, адам болып өлген лазым (Ж. Мусин).